Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол әкесін сотқа берді

0
103

Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев туған әкесіне қарсы сотқа арызданды. Бұл туралы NewsRoom99 telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, меценат Болат Назарбаев енді тек билікпен ғана емес, өз отбасымен де соттасуда. Оның бірінші әйелі дүниеге әкелген тұңғыш ұлы Нұрбол Назарбаев әкесі мен бұрынғы әйелі Гүлнұр Дүйсебаеваны сотқа берді. Нұрбол Назарбаев азаматтық соттан өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды және Болат Назарбаевтың Гүлнұрмен некесін жарамсыз деп тануды сұрайды.

Айта кетейік, Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев құқық қорғау органдарында ұзақ жылдар қызмет атқарып, полиция полковнигі шеніне дейін көтерілді. Оның көптеген мемлекеттік наградалары бар. Дегенмен, Нұрбол соңғы жылдары кәсіппен айналысып, тіпті жетістікке жетіп жүр. 2022 жылы Forbes журналы оны қазақстандық ең бай 50 бизнесменнің қатарына қосқан.

Politico.kz

adyrna.kz


ПІКІР ЖАЗУ