«Аяулы жан» жобасы ҮЕҰ-лармен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, іске асуда

0
75

Тағдыр…Әрине, түрлі тағдыр бар. Аха-ха мен ехе-хе-леп өтетін, ештеңеге бас қатырмайтын, не болмаса көз ашқаннан ауыртпалық кешкен тағдыр иесі дегендей…Біз бәрін бір ғана «Тағдыр» деген сөзге сиғызамыз. «Маңдайыма жазылғаны осы» деп көне береміз. Біреуге ақыл айтсақ та «маңдайыңа жазылғанын көресің ғой енді. Шыдайсың…» деп жұбатқандай боламыз. Бірақ бәрін тағдырға жауып жүре берсек, әйел адамдар – адам баласының қоры болып бара жатқандай. Оған себеп жыл сайын тұрмыстық зорлық көрген әйелдер мен қиын жағдайдағы қыз-келіншектердің саны сағат санап артуда. Оған ер балаға дұрыс тәрбие бермеген ата-анадан бастап, мынау қоғам, яғни біздің өзіміз де кінәліміз. Себебі көп жағдайда ер адамдардың табиғаты сондай, ат айналып қазығын табады, ер адам үйден 40 қадам аттаса, бойдақ саналады деген сынды дүдамал түсінікпен бүгінгі безбүйрек, санасыз шалбар кигендердің санын арттырдық. Нәтижесінде елімізде жылына 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табуда. Оның үстіне бұл – жаба-жапсырып, амалсыздықтан мойындаған цифрымыз ғана. Ал мойындай алмай жүргендеріміз қаншама?! Бұны санасақ, Қазақстанда қыз-келіншектерге өмір сүру – өте қауіпті деген тұжырымға келер едік. Десек те әйел адамдардың құқығын, психологиясын, өмірін қорғау мақсатында мемлекет тарапынан түрлі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі әрі бірегейі – «Аяулы жан» жобасы.

Таяуда ҮЕҰ-лармен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, әртүрлі форматты іс-шаралар, психоәлеуметтік консультациялар үйымдастырылды. Бұлардың басым көпшілігі қиын жағдайдағы әйелдерді қолдауға бағытталды. Түрлі мықты спикерлер шақырылып, әйелдер қауымы көкейдегі сұрағына жауабын ала алды. Жоба оң нәтиже берсе, қоғамда өз орнын тапқан әйелдер саны күннен күнге артар еді, «Бақытсыз Жамалдар» саны азаяр еді, әр қазақ қызы «қорғансыздың күнін» кешпес еді…

 

Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ