Лудоманияға қарсы тұру жолдары қарастырылды

0
76

Алматы қаласы Жастар саясатының қолдауымен “Рух жаңғырығы” Қоғамдық қоры “Лудоманияға қарсы күрестегі өзекті мәселелер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге 7-шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Еркін Рақышев,
Жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы БЕКҚАЙЫРОВ Нұрсұлтан Болатұлы,
Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің Философия кафедрасының аға оқытушысы, ақын Әбдірашит Бәкірұлы, психолог, Халықаралық психологтар қауымдастығының мүшесі Маржан Талғатқызы, психолог Айлина Ерланқызы сонымен қатар мәдениеттанушы, этнограф Бердалы Оспан қатысты.

Дөңгелек үстел барысында құмар ойындарға қарсы тұру жолдары қарастырылды. Интернет беттерінен жиі шығатын жарнамаларды алып тастау мәселесі қаузалды. Бала тәрбиесі мен отбасындағы әкенің рөлі туралы мысалдар келтірілді.

Сондай-ақ, айтыскер Ибрагим Алтынбек лудомания тақырыбында арнау айтты.


ПІКІР ЖАЗУ