West Oil Software қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» өкілдерімен келіссөздер жүргізуден бас тартты
Бүгін, 20 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен West Oil Software қызметкерлерімен келіссөздер процесін жүргізуге әрекет жасалды, алайда жұмысшылар «ҚазМұнайГаз» штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартты, деп хабарлайды Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеше, 19 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil software наразылық білдіруші қызметкерлерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Төретаев наразылық білдірушілерді жағдайды сындарлы бағытқа ауыстыруға, келіссөздер үстелінде бәрін шешуге шақырды. Қызметкерлер әкімнің ұсынысымен келісті.
20 желтоқсан күні таңертең «ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы және Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев заңсыз ереуіл өтетін жерге келіп, наразылық білдірушілерді өз қатарынан белсенділерді таңдап, келіссөздер процесін бастауға шақырды.
Алайда, West Oil Software қызметкерлері наразылық акциясын заңдастыруды талап етіп, келіссөздерді бастаудан бас тартты. Дәулетжан Хасанов өз кезегінде ереуіл соттың шешімімен заңсыз деп танылғанын және оны тек жоғары тұрған сот сатысына арыз беру арқылы жоюға болатынын түсіндірді.
– Келісім комиссиясының жұмысы аясында келіссөздер процесін бастауды ұсынамыз. Бұл жағдайды реттеудің заңды тәсілі, оны пайдалану қажет, – деді Хасанов жиналғандарға.
Алайда, WOS қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» АҚ штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартты.
WOS-тың бірқатар қызметкерлерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесімен (ЕСОТ) еңбекақыны теңестіру, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына кіру сияқты қосымша талаптары негізсіз болып табылатынын атап өту қажет.
Акцияның өзі, 2023 жылдың 11 желтоқсанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының соты заңсыз деп танылды.
Сондай-ақ, WOS-тың кейбір қызметкерлері бұрын Қазмұнайгаздың еншілес ұйымдарының қызметкерлері болғанын және 2018 жылы 5/50 бағдарламасын пайдаланып, өз еркімен жұмыстан шыққанын және аталған бағдарлама аясында бес жылдық жалақысының 50% алғанын атап өткен жөн. Орташа алғанда, бір адамға төленетін төлем сомасы шамамен 11 млн теңгені құрады. Осы себепті ҚазМұнайГаздың ЕТҰ штатына көшуі туралы талаптар да мүмкін емес.
Осы күнгі ереуілге байланысты «West Oil Software» ЖШС күніне шамамен 23 млн теңге шығын әкеліп отыр.
Бұл фактор компанияның және оның қызметкерлерінің, соның ішінде ереуілге қатыспайтын тікелей WOS қызметкерлерінің қаржылық жағдайына нұқсан келтіреді.