Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі

0
81

Primeminister.kz редакциясы Қазақстанның ағымдағы жыл қорытындысы туралы кезекті шолуды ұсынады. Ол әлеуметтік салаға арналады.

📌 Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығы туралы әрдайым атап өтеді.

Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, республикада әлеуметтік міндеттемелердің барлығы мүлтіксіз орындалуда.

✅11 айдың қорытындысы бойынша өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 908,5 мың адам жұмысқа орналасты, оның ішінде:

🟢257,1 мың – ұлттық жобаларды іске асыру барысында;
🟢294,3 мың – бос жұмыс орындарына;
🟢357,1 мың – Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы аясында.

✅ Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына биыл 196,3 мың адам жұмысқа тұрды.

✅ Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға бизнес ашу үшін 400 АЕК (шамамен 1,3 млн теңге) мөлшерінде 9,1 мың мемлекеттік грант берілді.

✅ Наурызда 21 жастан 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жастар үшін 2,5% жеңілдікпен несие беру бағдарламасы іске қосылды.

🟢Нәтижесінде жалпы сомасы 25,4 млрд теңгеге 5,4 мың бизнес-жоба мақұлданды.

⚡️ Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында оны орындау тетігі әзірленіп, қажетті заңнамалық түзетулер қабылданды. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады.

✅2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 600 мыңға жуық азаматтық қызметшінің жекелеген санаттарының жалақысын жыл сайын орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңмен көтеру үрдісі жалғасын тапты.

✅ 1 қаңтардан бастап республикалық бюджеттен төленетін барлық жәрдемақының мөлшері 8,5%-ға көбейді.

👵1 қаңтардан бастап Қазақстанда ынтымақты зейнетақы 10,5%-ға өсті.

⚡️Отбасының цифрлық картасы аясында табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға проактивті түрде әлеуметтік қолдау тағайындау енгізілді.

✅1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 113,6 мың отбасынан 595,7 мың адамға тағайындалды.


ПІКІР ЖАЗУ