Қуанышты жаңалық: Министр сынып жетекшілерінің жалақысын үш есеге көтеретінін айтты
«Сынып жетекшісіне төлейтін қаржыны көтеруіміз керек. Үш есе өсіруіміз қажет. Бүгінгі күні 8 мың теңге болса, 30 мыңға дейін жеткізуіміз керек. Бұл үлкен көмек болады. Балаға ықпал ету үшін сынып жетекшісі міндетті түрде сабақ бергені жақсы. Ол тек сынып жетекшісі болатын болса, балаға сабаққа қатысады да, жетекшісінен алшақ жүреді. Бұл мәселе талқылану үстінде. Бәрі сәтті шықса, биылдан бастап қосылуы да мүмкін», – дейді министр.
Бұған дейін Ғани Бейсембаев мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек деген болатын. Сондай-ақ елдегі балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30%-ға арттыру көзделіп отыр.