Қазақстан – әлемде осмий өндіретін жалғыз мемлекет

0
105

Атомдық нөмірі 76, атомдық массасы 190,2. Осмий платина металдар санатына жататын, күлгін түсті металл. Осмийдің 1 граммы 120 мың доллар тұрады.
«Осмий-187 изотобы туралы мәлімет өте аз. Оның нақты бағасы да белгісіз. Ашық саудада сатылмайды. Қара базарда өте қымбат тұрады. Мысалы, осмий-187-ден қымбат металл – калифорний. Бірақ ол табиғатта табиғи түрде кездеспейді. Оны тек түрлі атомдық реакциялар арқылы өндіруге болады. 1 грамы – 25-27 млн доллар. Ал одан кейінгі қымбат металл – осмий-187. Ол тек біздің елімізде табиғи түрде табылған металл» дейді осмийді алғаш өндірген металлург-ғалым Төлеген Бүкіров “Жас алаш” газетіне берген сұхбатта.
Ғалымның айтуынша, осмий табиғатта тек Жезқазған қойнауында кездеседі. Яғни қазақ елінің тағдырына жазылған бақ десек артық айтпаймыз-ау, сірә? Тіпті министр Школьниктің өзі Төлеген Бүкіровке «Пайданы есептеп, көрсетпей әкеп бер» деген тапсырма берген көрінеді.
Осы орайда 1 граммының өзі 120 мың доллардан тұратын осмийді өндіретін мемлекет бола тұрып, неге кедей елміз деген шартты сұрақ туады… Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
politico.kz


ПІКІР ЖАЗУ