Қазақстан Еуропалық Одақ бекіткен аса маңызды шикізаттың 19 түрін өндіреді

0
72

 

Әлем жаһандық энергетикалық және цифрлық дамуға ұмтылуда, осыған байланысты әлемдік нарықтың аса маңызды шикізат материалдарына сұранысы артып келеді. Қазақстан Еуропалық Одақ бекіткен аса маңызды шикізаттың 19 түрін өндіреді және өңдейді, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Қазақстан Еуропалық Одақ бекіткен аса маңызды шикізаттың 19 түрін өндіреді
Қазақстанда өндірілетін шикізаттар АҚШ, ҚХР, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, РФ, ЕО елдеріне тасмалдануда.

Бүгінгі таңда Қазақстанның өндірушілері еуропалық нарыққа бериллий, тантал, титан, аммоний метаванадаты және фосфор сияқты металл және химиялық өнімдерді жеткізеді.

Ал мыс өндірісі бойынша Қазақстан әлемнің үздік 10 елінің қатарына кіреді. Қазақстанда никель, кобальт, марганец және литий сияқты аккумуляторлық шикізат өндірісінің кластерін ұйымдастыру мүмкіндіктері бар. Бұл прекурсорлар электромобильдердің өсіп келе жатқан өндірісі үшін шикізаттың негізгі көзі болады.

Сирек металдарды өндіру саласының негізгі проблемаларының бірі импорттық шикізатқа тәуелділік. Сондай-ақ, аса маңызды шикізат өндірісінің дамыуына кәсіпорындардың технологиялары мен жабдықтарының тозуы кедергі болуда.

Негізгі проблемалық мәселелер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмасы негізінде жерде сирек кездесетін металдар саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көрсетілген. Кешенді жоспар Үкіметтің қаулысымен 2023 жылғы 28 желтоқсанда бекітілген.

Қазіргі таңда Өнеркәсіп министрлігі алдағы бес жылға қойылған міндеттерді шешу үшін жұмыс істеуде.


ПІКІР ЖАЗУ