Түрік мемлекеттері арасында жалғасып жатқан интеграциялық үдерістер

0
85

 

2024 жылы 19 қаңтарда Стамбулда Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиевтің төрағалығымен өткен жиынға ТҮРІК ПА және ТҮРІКСОЙ Бас хатшылары, Халықаралық Түркі Академиясы және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының басшылары қатысты.

 

Жиында 2024 жылы атқарылатын жұмыстар мен Түрік мемлекет басшыларының шешімдерінің орындалу барысы сынды мәселелер талқыланды. Түрік Республикаларының халықаралық ұйымдары үйлестіре отырып жұмысын одан әрі жалғастыра бермек.

***

2023 жылы үлкен қарқын алған Түрік мемлекеттері арасындағы бірлескен жұмыстарды жүргізу процесі бәсеңдемей жалғасуда. Мысалы 2024 жылы 18 қаңтарда Бакуде Түркі әлемі кино менеджерлерінің жиналысы өтті. Кездесуге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінің кино басшылары қатысты. Жиналыста Қожанасыр бірлескен фильм жобасының егжей-тегжейлері талқыланды.

****

Түрік мемлекеттерінің кәсіби бірлестіктерін құру жұмыстары жалғасуда. 2024 жылы 23 қаңтарда Стамбулда Түрік мемлекеттерінің Бәсекелестік агенттігінің құрылу салтанаты өтті. Осыдан кейін Түрік мемлекеттері Бәсекелестікті қорғау органының 1-ші отырысы өтті. Түрік мемлекеттері Бәсекелестік басқармасының келесі отырысы Әзербайжанда өтеді.

***

2024 жылдың 1 ақпанында Түркі әлемі араағайындық одағының төрағасы Якуп Ерікел Әзербайжанға барды. Ерікел Әзербайжан араағайындық кеңесінің төрағасы Надир Адиловпен және Әзербайжан Сот академиясының төрағасы Шахин Әлиевпен кездесті. Түркі әлемі араағайындық одағының төрағасы Ерікел алдағы айларда басқа Түрік Республикаларына барып, уәкілетті тұлғалармен кездесетінін мәлімдеді. Түркі әлемі араағайындық одағының 1-ші конгресі тамыз айында Өзбекстанда өтетіні белгілі болды.

***

2024 жылдың 1 ақпанында Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше және бақылаушы елдердің теміржол әкімшіліктерінің өкілдері алғашқы онлайн кездесуін өткізді. Жиынның түпкі мақсаты – Түрік мемлекеттерінің теміржол әкімшілігі кеңесін құру.

***

Қаңтар айында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Түркияға, Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Өзбекстанға, Түркияның Сыртқы істер министрі Қырғызстанға, Түркияның вице-президенті Солтүстік Кипр Түрік Республикасына, Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Әзербайжанға, Түркияның Ұлттық білім беру министрі Әзербайжанға барды. Сонымен қатар Қырғызстан мен Өзбекстанның Ішкі істер министрлері Қазақстанға, Өзбекстан Парламенті төрағасының орынбасары Әзербайжанға, Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Әзербайжанға, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қырғызстанға және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қырғызстанға барды. Қырғызстан мен Өзбекстанның премьер-министрлері Қазақстанға сапарлай барды. Сапарларға қарасақ, өткен қаңтарда Түркия мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастарының қою болғанын айтуға болады.

***

Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер арасындағы интеграциялық бастамалар өз жемісін бере бастады. Ұйымға мүше елдер арасындағы сауда 2022 жылы 33 миллиард доллар болса, бұл көрсеткіш 2023 жылы 42 миллиард долларға өсті. Түрік инвестициялық қорының белсенді түрде жұмыс істей бастауы бұл көрсеткіштің бірнеше есе артуына себеп болады.


ПІКІР ЖАЗУ