ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАР ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ҚЫЗЫҚТЫРА БАСТАДЫ

0
90

 

Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, Астана мен Алматыда барлық коммуналдық қызметтерді біріктірген Iqala интеллектуалды жүйесі іске қосылды. Мәселен, бұған дейін коммуналдық шарт жасасуға 30 күн қажет болса, енді 5 минут жетеді. Пилоттық жоба өңірлерде де жүзеге асады. Мысалы, қазақстандықтардың еңбек кітапшалары электронды жүйеге көшіріледі. Денсаулық сақтау саласы да цифрландырудың игілігін көреді. Өткен жылы отандық ІТ өнімдерінің экспорты рекордтық деңгейге – 500 миллион долларға жетті. Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша әлемде 8-орында тұр. 2023 жылы елдегі автокөліктердің 55 пайызы, жылжымайтын мүліктің 49 пайызы онлайн сатылған. Ипотеканың 67 пайызы сандық форматта рәсімделді. Цифрландырудың пайдасы – жемқорлық пен бюрократия жойылады. Былтырдың өзінде мемлекеттік органдар талап ететін құжат саны 119 дан 21-ге дейін азайды. 2022 жылғы IMD World Digital Competitiveness Ranking әлемдік цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан әлемнің 63 елі арасында 36-орынға ие болды. Аталған рейтингке еліміз ТМД мен Орталық Азия мемлкеттері арасында жалғыз еніп отыр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту рейтингінде Қазақстан 28-орында. Осы жетістікпен еліміз тағы ТМД елдері арасында көш бастап тұр. Электронды үкіметті дамыту рейтингінде Дания топ жарды. Алғашқы үштікте Финляндия мен Оңтүстік Корея. Жаңа Зеландия 4-ші сатыда. Ал үздік бестікті Исландия қорытындылайды.


ПІКІР ЖАЗУ