«Қыздардың құқықтарын бұзып отыр»: Аида Балаева пәк қыздардың тізімі туралы айтты

0
64

 

«Бұл үлкен сұрақ. Мұндай интимді ақпарат қаншалықты керек болды деген сұрақ туындайды. Мен мұндай ақпаратты дұрыс деп санамаймын. Тізімдегі қыздардың құқықтарын да бұзып отыр.  Біріншіден, кімді жазалау керек деген мәселені емес, ол тізім не үшін құрылды, кімге керек болды деген мәселе бар. Менің білуімше, қазір бұл мәселе бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесін күтеміз», – дейді Аида Балаева.

Айта кетейік, бүгін Алматы прокуратурасының нұсқауымен жеке деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ