“Жаңа адамдар”: Жаңа елтаңбамыз жайлы ойланар кез келді

0
90

 

Кез келген мемлекеттің басты рәміздерінің қатарында елдің елтаңбасы тұрады. Елтаңба – еліміздің бостандығы мен тектілігінің, еркіндігінің, кеңдігінің, парасаттылығының, адамгершілігінің белгісі екені даусыз. Осы орайда “Жаңа адамдар” Жастар Қозғалысы жаңа елтаңба жайлы ойланар шағымыз келгенін тілге тиек етуде.
 
“Біз білетін елтаңба  құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-ы
елтаңбамызды тани алмады.

Біз, Жаңа адамдар,  жауапкершілігі зор мақсаттарға бет алған жас мемлекетке тың көзқарастағы жаңа рәміздің керек екенін сенімділікпен жеткізгіміз келеді. Жаңа елтаңба – жаһандық өзгерістер орын алған шақта біздің мемлекетіміздің нақты орны қайда екеніне жауап беруі керек”,-дейді “Жаңа адамдар” Жастар қозғалысы
 
Сонымен қатар, “Жаңа адамдықтар” көшелер мен әр шаңыраққа қоюға болатын елтаңбаның қажеттілігін баса айтады.
 
“Қазақстанның тағдыры – еліміздің шекарасында белгіленген. Демек біздің тарих беттерінен жоғалмай, еркіндігіміз бен қасиетті ұстанымдарымызды ұран етіп, әлемдегі нақты орнымызды айқындауда елтаңбамыз халықты жұмылдыруы тиіс. Президент Тоқаев бұл шарттарды нақты сипаттағандай:
 
«Жарқын болашаққа деген сенімі жоқ халық – тұғырлы мемлекет құра алмайды. Халқымыздың рухын көтеретін бірлік.
… Ел санасында бірлік болуы тиіс».
 
Егерде баршамызға қалаулы, жаңа символ болмақ болса, әр шаңырақ пен көшелерге бейнеленетін рәмізді қалайтын болсақ, онда жаңа елтаңбаның қандай боларын шешетін халық болуы тиіс”,-дейді “Жаңа адамдар” Жастар Қозғалысы

Жастар айтса, айтқандай-ақ, елтаңбадағы дәл шекесіндегі бес жұлдыз қазақстандықтар үшін коммунизмді еске салатындай.

Жастарды ғана емес, “Елтаңба елдігімізге лайық па” деген сұрақ әр қазақты мазалауы тиіс. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
 

“Politico” сілтейді


ПІКІР ЖАЗУ