Қазақстан мен Әзербайжан әскери барлауға қатысты келісімді рәсімдейді
Келісім бойынша тараптар қорғаныс саласында әскери барлау ақпаратымен алмасады. Бұл құжат қандай да бір үшінші тарапқа қарсы бағытталып отырған жоқ. Қазақстан үкіметі мен Әзербайжан үкіметі арасындағы қорғаныс шеңберіндегі әскери барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бес жылға рәсімделеді. Одан кейін қарсылық болмаса, құжаттың мерзімі автоматты түрде ұзартылып отырады. Қаулының жобасы 29 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.