Қазақстан Қытай мен Үндістан тұрғындары арасында күрт танымал болды
Туризм және спорт министрлігінің басшысы Ермек Маржықпаев 2023 жылы Қытай мен Үндістаннан Қазақстанға қанша турист келгенін айтты.
Ведомствоның алқа мәжілісінде министр еліміздің халықаралық ашықтығы шетелдік туристер санының артуына оң әсер етіп отырғанын атап өтті.
«Қазіргі таңда 82 елмен, соның ішінде Қытай мен Үндістан сияқты ірі туристік нарықтармен визасыз режим бар, біз бұл елдерден келушілер санының айтарлықтай артқанын байқаймыз.
2022 жылдың шілдесінде Қытай азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимнің және 2023 жылдың қарашасынан бастап өзара визасыз режимнің енгізілуінің арқасында бұл елден келушілер саны 12 есеге өсті: 18 мыңнан 217 мыңға дейін. 14 күндік визасыз режим енгізілгеннен кейін Үндістаннан келушілер саны үш есеге өсті: 2022 жылғы 28 мың адамнан 2023 жылы 78 мың адамға дейін», — деді Ермек Маржықпаев.