Қазақстан мен Өзбекстан тауар айналымын 10 млрд долларға дейін жеткізеді

0
77

 

Қазақстан Өзбекстанның үштікке кіретін ең ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
«Соңғы жылдары екі жақты сауда көлемі тұрақты түрде 4 млрд доллардан асып түсуде. Өнеркәсіптік кооперация саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазір жалпы құны 156 млн долларды құрайтын 12 бірлескен жоба іске қосылды. Оған қоса құны 1 млрд долларды құрайтын жаңа 21 жобаны қарастырып жатырмыз. Алдағы белестердің бірі – екіжақты тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізбекпіз», – деді Нұртілеу БАҚ-қа арналған бірлескен мәлімдемеде.

Министр Өзбекстанмен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету перспективалары ортаға салынғанын айтты. Осы тұста сауда, өнеркәсіп, су, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып жатыр.
Айта кетері, бүгін Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді. Саидов премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты келіссөз өткізді. Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу де жоспарланған.


ПІКІР ЖАЗУ