АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР БАСШЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

0
62

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.
Сонымен қатар ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ