«Қорқынышты мәселе»: Депутаттар Салтанат Нүкенованың жантүршігерлік өлімін еске алды

0
43

 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық қорқынышты мәселе, оған статистика бойынша әйелдер мен балалар жиі ұшырайды.
Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты түзетулерді қабылдады. Талқылау барысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуға түрткі болған Салтанат Нүкенованың өлімін еске алды,

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық қорқынышты мәселе, оған статистика бойынша әйелдер мен балалар жиі ұшырайды. Жыл сайын Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жүздеген азамат қайтыс болады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында. Салтанат Нүкенованың жантүршігерлік өлімі қоғамда наразылық толқынын тудырды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды қолдайтын онлайн петиция жарияланып, оған 150 мыңнан аса қол жиналды», – деді Елнұр Бейсенбаев.


ПІКІР ЖАЗУ