Білім саласындағы жемқорлыққа Аймағамбетовтың қандай қатысы бар. Бейсембаев нені меңзеді?

0
66

Айта кетейік, соңғы уақытта Алматы немесе Түркістан облыстарындағы білім басқармасы немесе білім бөлімінің басшылары жүздеген миллион теңгенің жемқорлығы бойынша ұсталып жатыр. Тіпті, олардың ішінде өз-өзіне қол жұмсаған адамдар бар.

Білім саласындағы жемқорлық балаларға сапалы білім беруге кедергі келтірмей ме? Бұл мәселеде өзіңізді айыптымын деп есептемейсіз бе, деген тілшілердің сұрағына министр оқу-ағарту мен жемқорлық сәйкес келмейтін ұғымдар екенін айтты.

«Сол бағытта жол картасы әзірленді,  бірнеше рет мектеп және білім басқармасы мен білім бөлімі басшыларымен көптеген кездесу, семинарлар өткіздік. Сондықтан да қазір көп анықталып жатқан жағдайлар яғни, 2020 жылдан бастап жіберілген қателіктер шығып жатыр. Бұл біздің бірлескен жұмысымыз. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс, тазалық болуы керек. Сондықтан бұл бағытта  барлығымыз бірлесе жұмыс істеуіміз керек», – деді Ғани Бейсембаев.

Сондықтан ведомство былтыр сыбайлас жемқорлық агенттігімен бірлесе отырып, осы салдағы мәселелерді толыққанды зерттеуге кіріскенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол саладағы жемқорлық бұрынғы басшылықтың тұсында болғанын меңзеп қалды. Айта кетейік, 2019 жылдан 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін бұл ведомствоны Асхат Аймағамбетов басқарған.


ПІКІР ЖАЗУ