ТҰТЫНУШЫЛЫҚ КРЕДИТТЕРДІ РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖАБУДЫҢ ҚЫР- СЫРЫ

0
44

Халықтың тұтынушылық кредитке деген сұранысының жыл сайын артуы олардың жеңіл түрде берілеуімен байланысты. Дегенмен, азаматтар қарыз қаражатын қайтару керектігін ұмытпауы керек. Сонымен қатар сіздің ай сайынғы табысыңыз кредит бойынша барлық төлемдер мен коммуналдық қызметтер, білім беру, жол жүру, тамақ және т.б. сияқты міндетті төлемдерден кейін алынған барлық ақшаныңҢ 50 пайызынан аспауы керек.

Кредит=міндеттеме

Алдымен өзіңіз үшін кредит алу қажет пе, кредит алмай-ақ мәселені шешуге бол ма деген сұрақтарға жауап іздеп көріңіз. Мүмкін біраз күте тұрып, ақша жинайсыз ба? Кез келген кредитті, оның ішінде тұтынушылық кредитті өзіңізге ресімдеу, бұл сіздің жауапкершілігіңізді арттырады, ең алдымен сізге қарыз алушы ретінде белгілі бір уақыт ішінде орындауыңыз керек міндеттеме жүктеледі.

Егер Сіз тұтынушылық кредит ресімдеуді шешсеңіз, онда оның барлық шарттарын зерделеп, қаржылық мүмкіндіктеріңізді алдын ала есептеңіз. Бірнеше кредиттік ұйымдардың (банктер мен МҚҰ) сайттарына өз бетінше мониторинг жүргізіп, олардың ұсыныстарын талдаңыз. Өзіңіз үшін ең жақсы нұсқаны таңдап, менеджерден кредит берудің барлық шарттарын: қарыз сомасы, төлемдер мерзімі мен мөлшері, кредит алу немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде комиссиялар бар ма, барлық пайыздар мен төлемдермен кредиттің толық құны қандай болады, артық төлем қанша болады және басқа да маңызды мәселелерді нақтылап алыңыз.

Әлеуетті қарыз алушы қарыз шартын жасасқанға дейін кредиттік ұйым клиентке туындаған барлық мәселелер бойынша, оның ішінде кредит беру мерзімі; сыйақы мөлшерлемесінің түрлері: белгіленген немесе өзгермелі, егер сыйақы мөлшерлемесі өзгермелі болып табылса, есептеу тәртібі; клиенттің өтініш берген күніне жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (нақты құны) туралы толық консультация беруге міндетті екенін білуі қажет. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – бұл қарыз алушы кредит шарты бойынша төлейтін барлық төлемдердің жалпы сомасы.

Кредитті өтеу әдістерін де қарастырыңыз – сараланған және аннуитеттік. Біріншісі кредит беру мерзімі ішінде бара-бар азайтылатын теңдей бөлінбеген, ай сайынғы төлемдерді білдіреді. Яғни, банктік қарыз бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің тең сомаларын және негізгі борыштың қалдығына кезең ішінде есептелген сыйақыны қамтитын азайтылатын төлемдермен жүзеге асырылады. Екінші жағдайда, біз кредит берудің бүкіл мерзіміне созылған теңдей бөлінген ай сайынғы төлемдер туралы айтылады. Берешекті өтеу қарыздың тұтастай мерзімінде теңдей төлемдермен жүзеге асырылады, бұл ретте негізгі борыш бойынша төлемдер ұлғаяды және кезең ішінде негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша төлем азайып отырады.

Азаматтар шарттың талаптарын дұрыс оқымау, өзінің кредиттік міндеттемелерін орындауға салғырт қарау  мен өзінің төлем қабілеттілігін артығымен бағалаудың кредиттік құжаттамаға теріс әсер етуі мүмкін екенін түсінулері қажет. Кредитті таңдау жауапкершілікті, тәртіпті және қарыз алушының дұрыс әрекетін талап етеді.

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу туралы нені білу қажет?

Қарыз ресімдеудің алдында кредиттік ұйымның менеджерінен мерзімінен бұрын өтеуге қатысты қандай талаптардың бар екенін нақтылап алу керек. Мысалы, негізгі борышты:

  • бір жылға дейінгі мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап алты айға дейін;
  • бір жылдан астам мерзімге берілген қарызды алған күннен бастап бір жылға дейін ішінара мерзімінен бұрын немесе толығымен мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, заң бойынша банктер қарыздардың мерзімінен бұрын өтелгені үшін айыпақы немесе санкциялардың өзге де түрлерін алуға құқылы болмайды.

Бұл ретте клиент банкке пайыздарды кредитті нақты пайдаланған күндері үшін төлейді. Осының барлығы кредиттік шартта жазылады. Сондықтан кредитордың алдында борыштық міндеттемелерді мерзімінен бұрын жабудың алдында оның талаптарын мұқият түрде қайтадан оқып шығыңыз.

Егер кредит ресімдеу кезінде сіз сақтандыруды сатып алған болсаңыз, сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтарып көруге болады. Қайтару мүмкіндігі де шартта көрсетілген. Онымен таныспай, шартқа қол қоймаңыз.

Мерзімінен бұрын өтеуден бұрын кредиттің нақты сомасын нақтылап алыңыз: егер сіз бұрын кредит бойынша мерзімді кешіктірген болсаңыз, сізде қарыз жинақталып қалуы мүмкін. Және алдағы уақытта шотты толықтырған кезде ең алдымен өсімпұл мен айыппұл сомасы, содан кейін ғана ай сайынғы төлем есептен шығарылады.


ПІКІР ЖАЗУ