ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

0
61

Мүгедектігі бар балалар мен ересектердің құқығын қорғау, терроризммен күрес кезінде кісі құқығын сақтау, азаптаудың алдын алу, мәдени және әлеуметтік құқықты қорғау.

Мүгедектігі бар балалар мен ересектердің құқығын қорғау, терроризммен күрес кезінде кісі құқығын сақтау, азаптаудың алдын алу, мәдени және әлеуметтік құқықты қорғау.

Міне осы мәселелер қазір Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 55-ші сессиясында талқыға түсіп жатыр. Оған Қазақстан делегация да қатысты. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу халықаралық қауымдастыққа еліміздің құқық қорғау бағытында қол жеткізген ілкімді істері туралы айтып берді.

Сарапшылар қазір әлемде 50-ден астам қарулы қақтығыс ошағы барын айтады.

Оларда адам құқығы аяусыз тапталып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-ші сессиясында осы соғыстардың ауыр зардабы талқыланып, геосаяси текетірестің экономикалық тұрақсыздық тудыратыны басты назарға алынды. Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы: – Жер бетіндегі береке адамның азаматтық, мәдени, экономикалық, саяси, әлеуметтік сияқты барлық құқықтарына толық құрмет көрсетуден басталады.

Бұл мәселеде екіжүзділік жүрмейді! Адам хақы сақталғанда ғана бейбітшілік орнайды. Мен Адам құқықтары жөніндегі кеңестің айрықша орнын жоғары бағалаймын.

Фолькер Түрк, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары: – Қазір пандемия, пластикпен ластау сияқты климатқа қатысты қылмыстардың алдын алу және жасанды интеллектіні реттеу туралы ғаламдық қызу пікірталас жүріп жатыр. Бірақ осы арада адам құқықтарын бұзу көп жағдайда назардан тыс қалып отыр.

Адам құқықтары кеңесінің белсенді мүшесі ретінде, Қазақстан жақында мүгедектігі бар балалар мен ересектердің құқықтары жөніндегі конвенция хаттамаларын ратификациялады.

Жыл аяғына дейін қазақ елі Біріккен Ұлттар Ұйымына үйдегі зорлық-зомбылықпен күрес туралы бастама жобасын ұсынбақ.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер минисрі: – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағдарламасы ауқымды демократиялық  үрдістерді бастап берді. Қысқа мерзімде біз еліміздің саяси және экономикалық жүйесін тиімді жаңғырта білдік. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері Қазақстан қабылдаған реформалардың 4 кезеңін айрықша бағалайды.

Олар Конституциялық сот құру, омбудсмен институтын күшейту сияқты өзгерістер қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға, құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға көмектесуі керек дейді. Биро Диавара, Адам құқықтары бойынша халықаралық сарапшы: – Сіздер Адам құқықтары кеңесіне үнемі атсалысып келесіздер.

Бұл елдегі реформалардың жемісі. Қазақстан бүгінде Орталық Азия аймағында бейбітшілік, тұрақтылық, терроризммен күресте ерекше рөлге ие. Лагранж Синмену Аньянкпе, зерттеулер және дипломатиялық іс-әрекеттер зертханасының атқарушы директоры: – Біз барлық отбасылардың бейбіт өмір сүргенін қалаймыз. Ол үшін ошақ басында береке болуға тиіс.
Қазақстанға игі бастамалары үшін алғыс айтамыз. Басқалар да қолдау білдіреді деп сенемін.

Мұрат Нұртілеу Қазақстан атынан халықаралық қауымдастықты көпжақты әріптестікті нығайтуға және адам құқықтарын қорғауды негізгі міндет етіп алуға шақырды. Бұл тұрғыда қарусыздану, цифрландыру және гендерлік теңдік басты назарда болуы қажет.


ПІКІР ЖАЗУ