СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ЖЕНЕВАДА БІРҚАТАР КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

0
57

 

Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен бірлесіп, қос диплом беретін магистрлік бағдарлама ашуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Женеваға сапары кезінде осы ұйымның бас директоры Дарен Тангамен кездесуінде белгілі болды.

Министр сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттеришпен кездесіп, Орталық Азия елдерімен арадағы ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Теодор Гебрейесуспен жүздесуде екіжақты қатынасты дамыту жайы сөз болды.

Брюс Эйлвард, Дүниежүзілік денсаулық ұйымы бас директорының көмекшісі: – Қазақстан – алғашқы медициналық көмекке көп көңіл бөліп отырған ел ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысы үшін өте маңызды мемлекет. Бұл бағыт негізі 45 жыл бұрын пайда болған. Ал 5 жыл бұрын арнайы халықаралық конференция өткізілгені белгілі. Былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы мен басқа да сала жетекшілері Қазақстанға барып, озық іс-тәжірибелермен танысты. Сонымен қатар Мұрат Нұртілеу Индонезия, Вьетнам, Сауд Арабиясы, Швейцария және Грузиядан келген әріптестерімен келіссөздер жүргізді. Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастық және өзара көмек көрсету барысын қарастырды.


ПІКІР ЖАЗУ