Уақытты 1 сағат артқа қоюды ұмытпаңыз
Ең алдымен, сағатыңыздағы уақытты жаңартуыңыз керек. 1 наурыз күні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа қою керек. Бұл келесі қалалар мен аудандардың тұрғындарына қатысты:
- Астана;
- Алматы;
- Шымкент;
- Ақмола облысы;
- Алматы облысы;
- Жамбыл облысы;
- Қарағанды облысы;
- Қостанай облысы;
- Павлодар облысы;
- Солтүстік Қазақстан облысы;
- Түркістан облысы;
- Шығыс Қазақстан облысы;
- Абай ауданы;
- Жетісу облысы;
- Ұлытау облысы.
Бұған дейін Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев хабарлағандай, гаджеттердегі уақыт автоматты түрде сағат 00:00-де орнатылады.
«Ұялы байланыс операторларының өздері автоматты түрде барлық гаджеттерге жаңа уақытты «таратады». Осылайша, Қазақстандағы ұялы телефондар мен басқа гаджеттер байланыс операторының орталық коммутаторынан ақпарат ала отырып, өздерінің жүйелік уақытын автоматты түрде синхрондайды. Бұл қалай жұмыс істейді? Мысалы, сіз Мәскеуге ұшсаңыз, сіздің телефоныңыз жергілікті уақытты автоматты түрде реттейді. Бұл тек интернет арқылы жасалады», – деп түсіндірді комитет төрағасы.
Дегенмен, байланыс абоненттеріне шығарылған жаңартуларды халықаралық операциялық жүйелермен, соның ішінде Android және iOS арқылы жаңарту зиянын тигізбейді.
Қазақстандағы көптеген пайдаланушылар ұялы телефондар мен құрылғылардың ақпараттық жүйелерінен бірыңғай уақыт белдеуіне (UTC+5) көшу туралы хабарламаларды ала бастады.
Сонымен қатар, 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келу ұсынылады
Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.
1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі
Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.
Авиакомпаниялар авиабилеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр.
Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттердегі түзетулер туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар жеке ескертулер жіберілді.
Осы ретте «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жанында +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша «жедел желі» ашылғанын айта кеткен орынды. Рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады:
- Air Astana – + 7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
- FlyArystan – +7 7273 31 10 10 (WhatsApp +7 702 702 0227);
- SCAT – +7 7252 99 88 80;
- Qazaq Air – + 7 7273 56 14 14.
Жалпы уәкілетті органмен көлік саласындағы жұмыстың штаттық режимде жүзеге асырылуы мен азаматтардың ыңғайлылығы үшін тиісті шаралар қабылданды.