Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: Президент сапары, уақыт өзгеруі және логистикалық терминал
Қытайдың Сиань құрғақ портында жаңа көлік-логистикалық терминал ашылды. Бұл –Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының соңғы буыны, онда Қазақстан жетекші серіктес болып саналады. Терминалға Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Huawei компаниясымен бірлесіп құрған инновациялық орталық та кіреді.
Басылымның мәліметінше, орталық «Бір белдеу, бір жол» бастамасының жаңа Smart Railway жобасының бір бөлігі болып саналады.
Сонымен қатар басылым Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін келтірді.
Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға жаңа серпін бермек. Сондай-ақ Еуразиядағы сауда-экономика ынтымақтастығын нығайта түседі деп санаймын, – деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қытайдың ең ірі Сиань құрғақ порты Шэньси қаласын Орталық Азия және Еуропамен байланыстырады. Сианьдағы қазақстандық терминалдың өткізу қабілеті жылына 66 500 TEU (жиырма футқа тең) асады. Бұл Қазақстанға Еуразиядағы үлкен транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін бұдан да арттыруға мүмкіндік береді.
Trend.az: Қазақстанның теміржол саласы цифрлық жарысқа қосылуы керек – Тоқаев
Мемлекет басшысының Сианьдағы терминалдың ашылу салтанатына қатысқанын әзербайжан
Қазақстанда озық IT-шешімдерді енгізу үшін берік негіз қалыптасқан. Отандық теміржол саласы «цифрлық жарысқа» уақыт оздырмай қосылуға тиіс. Бұған белгілі бір деңгейде әзірлік бар екенін көріп отырмыз. Цифрландыруды жеделдету есебінен таяу арада тасымал тиімділігін арттыру және шығындарды қысқарту міндеті тұр, – деп келтірді басылым Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін.
Бұл міндетті орындау үшін Тоқаев отандық компанияларды тарту қажет деп санайды.
Trend.az: Қазақстан Президентінің Әзербайжанға сапарының күні мен бағдарламасы белгілі болды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурызда Әзербайжанға мемлекеттік сапармен баратынын жергілікті агенттік жазды.
Басылымның мәліметінше, бұл туралы сейсенбіде Trend-ге Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел хабарлаған.
…Екі күндік сапар барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған, – деп келтірді агенттік дипломаттың сөзін.
Әлім Байелдің айтуынша, сапар аясында Қазақстан Президенті Физулиге де барып, Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ, елші Қазақстан басшысының сапары Әзербайжандағы кезектен тыс президент сайлауынан кейінгі шетел мемлекеті басшысының алғашқы сапары болатынын атап өтті.
The Straits times: Қазақстан 1900 миль қашықтықта бірыңғай уақыт белдеуін енгізеді
Қазақстан тұтынушылары банктерден, ұялы байланыс операторларынан және басқа да қызмет провайдерлерінен 1 наурызда елдің басым бөлігі басқа уақыт белдеуіне ауысатындықтан техникалық ақаулар болуы ықтимал деген
Басылымның мәліметінше, көлемі жағынан Батыс Еуропамен бірдей Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнату үшін көптеген аймақтар бейсенбі түн ортасында сағатты бір сағатқа кері қойып, осылайша бүкіл ел UTC+5 уақыт белдеуіне ауысады.
Осы күнге дейін бұл уақыт белдеуінде елдің тек батыс аймақтары ғана болса, басқалары, соның ішінде Астана мен Алматы секілді ірі қалалар бір сағатқа алда болды. Ресей және Қытаймен шектесетін Қазақстан шығыстан батысқа қарай 3000 шақырымға (шамамен 1900 миль) созылып жатыр, – деп жазды агенттік.
Daryо: 2023 жылы Қазақстанда 148 мың автокөлік шығарылды, бұл өткен жылдан 30%-ға көп
Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі айтарлықтай өсті. Тек 2023 жылдың өзінде елде 148 мыңнан астам көлік шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Бұл өсім елдің экономикасын әртараптандыру саясатының перспективалы нәтижелерінің дәлелі болып саналады, деп жазды өзбекстан қазақстандық Astana Times басылымына сілтеме жасап.
Өткен жылы ұлттық экономика 5,1 пайызға өсті. 2023 жылдың алғашқы 10 айында машина жасау саласы 27%-ға артты. Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, барлық саланың ішінде автомобиль өнеркәсібі осы кезеңде ең жоғары өсім – 42%-ды көрсетті. Жаңа өндіріс орындарының ашылуы саланың қарқынды дамуына айтарлықтай ықпал етті, – деп жазды басылым.