Қазақ халқы жапондық тұтқындарға шынайы жанашырлық танытты – Елші Джун Ямада

0
61

Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада ХХ ғасырдағы қазақ-жапон тарихына тоқталып, қазақстандықтарға шексіз алғысын білдірді.

«Бізге ортақ тағы бір тарихи оқиға – сталиндік ГУЛАГ қорқынышы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қылмыстық режим халықаралық құқық нормаларына қарсы Қиыр Шығыстың түкпір-түкпірінен 600 мыңға жуық жапон азаматын ұрлап әкетіп, атышулы концлагерьлерде мәжбүрлеп жұмысқа салды. Солардың 60 мыңы, шамамен 10%-ы Қазақстанға әкелінді. Бірақ, мұнда бір ғажап болды. 4 млн адамның өмірін қиған ашаршылық кезінде, адам айтқысыз қасірет пен азапты бастан өткерген қазақ халқы шынайы жанашырлық танытты. Жапон тұтқындарының сынақтан аман өтуіне әу бастан-ақ қолдан келгеннің бәрін жасады», – деді Джун Ямада Астанада Жапонияның 126-ы Ұлы Мәртебелі Императоры Нарухитоның 64 жасқа толған туған күніне орай өткен салтанатты шарада.

Жапон елшісінің айтуынша, қазақ халқының жанашырлық көмегінің арқасында өлім-жітім 2% шамасында болған. Бұл Кеңес Одағының басқа өлкелеріндегі жағдайдан 10-15%-ға төмен.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бүкіл әлем тарихының ең зұлмат уақытында асыл адамгершілігі үшін қазақ халқына алғыс айтамын. Өткен жылы наурызда Астанада екі елге ортақ ядролық сынақ туралы болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында жаңа мемориал салынды. Сондай-ақ, билік органдарының нәтижелі ұйымдастыруы мен атсалысуының арқасында жапондық мамандар делегациясы Шығыс Қазақстанда 14 жапондық тұтқынның сүйегін тауып, елге қайтарды. Осы орайда Қазақстан Үкіметіне, ШҚО және Риддер әкімдігіне түсіністік танытып, қолдау білдіргені үшін шексіз алғыс айтамын», – дейді Елші мырза.


ПІКІР ЖАЗУ