Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Павел Булаев бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен ұсталған.

0
65

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Тазалау, су өткізгіш және дренаждық құрылыстар» МКҚК директорының орынбасары Павел Булаевтың ұсталғанын растады. Олар бұл іс оның негізгі қызметіне байланысты екенін атап өтті.

«Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Булев уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Павел Булаев бір жыл бұрын Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты боп тағайындалды. №13 аумақтық бір мандатты округі бойынша Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланды.


ПІКІР ЖАЗУ