ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысы Тамды ауылының тұрғындарымен кездесті

0
77

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Алға ауданы Тамды ауылында су тасқынынан қалыптасқан жағдайды тексерді. Онда 2 мыңнан астам адам тұрады. Кеше Елек өзенінен келген су дамбыдан асып, ауылға кірген.

Роман Склярға құтқару жұмыстарына 50-ге жуық адам жұмылдырылып, 80 тонна инертті материал дайындалғаны жөнінде баяндалды. Қазір жағдай қалыпты. Аулаларына су кірген үйлерге көмек көрсетілді.

Ауыл тұрғындары Роман Склярға келер жылы су тасқынының алдын алу үшін дамбыға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, Елек өзенінің арнасын тазарту керектігін айтып, көмек сұрады.

«Су тасқынына байланысты ахуал Премьер-Министрдің және Үкіметтің тұрақты бақылауында. Барлық қажетті шаралар қабылданады. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіледі», — деп атап өтті Роман Скляр.

Елек өзені бойындағы Тамдыдағы дамбының ұзындығы 2,6 шақырым, биіктігі 2-2,5 метр. Дамбыда 10 шлюз орналасқан. Қазір оны жөндеу мәселесі шешіліп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ