ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗБА БАЙЛЫҒЫ 50 ЖЫЛҒА ЖЕТЕДІ

0
51

Қазақстанда табылған қазба байлық қоры әлі жарты ғасыр бойы өндіруге жетеді. Бұл жайлы Геология комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Ерлан Ақбаров: «нақты зерттеу нәтижесінде жер қойнауында осынша көлемде кен қоры бары анықталды», – деді. Оның ішінде алтын 20-25, мұнай 30 жылға дейін пайдалануға жеткілікті. Алда барлау жұмыстары жалғасын тауып, жетілдірілетін болады. Қазір елде 9 мыңнан аса кен орны бар. Онда 103 түрлі пайдалы қазбалар алынады. Ерлан Акбаров, ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы: – 200-дік масштаб бойынша жасалып жатырған зерттеу жұмыстары бойынша Қазақстанның аумағы 100% зерттелген. 2022 жылда геология саласын дамытудың тұжырымдамасы бекітілді. Сол тұжырымдамадағы біздің бірінші бағытымыз – мемлекеттің геологиялық зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру. Ол – 200-дік масштабтан 50 мыңдың масштабқа көшу. 50 мыңдық масштаб аумақтарды толық анықтауға мүмкіндік береді.


ПІКІР ЖАЗУ