Нұрлан Байбазаров БҚО-да су тасқынына қатысты жедел кеңес өткізді

0
75

Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров Батыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ол облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен су тасқыны жағдайы жөнінде жедел кеңес өткізді.

Өңірде су тасқыны қаупі әлі де жоғары.Облыстың 5 ауданы мен Орал қаласында бірнеше тұрғын үйді, сондай-ақ Орал қаласының маңындағы саяжайларды су басты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарына су тасқынына қатысты қалыптасқан жағдай бойынша үндеу жолдаған болатын. Өңір басшысы облыста су тасқыны қаупі әлі сейілмегенін айтты.


ПІКІР ЖАЗУ