Су басқан өңірлерде стратегиялық объектілер қорғауға алынды

0
66

Су басқан өңірлерде қауіпсіздікті қамту мақсатында Ішкі істер органдарының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс режиміне көшті.

«Су басқан өңірлердегі жол қауіпсіздігі ерекше назарда. Республикалық маңызы бар жолдардың 14 учаскесінде жүруге шектеу қойылды (Ақмола – 1, Ақтөбе – 1, Атырау – 2, Қостанай – 3, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, СҚО-5). Су басқан аймақтардан полицияның арнайы ұйымдасқан колоннасымен 5 мың автокөлік шығарылды. Сондай-ақ, стратегиялық объектілер қорғауға алынды. Бүгінде су тасқынының алдын алу және салдарын жою іс-шараларына Ішкі істер органдары мен әскери қызметшілердің барлығы жұмылдырылды», – деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жағдай ушықса басқа өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылады.
Айта кетсек, қазір су тасыған өңірлерде 20 мыңнан астам полицей қоғамдық тәртіпті бақылауда.


ПІКІР ЖАЗУ