Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері атынан жалған ақпарат тарап жатыр

0
59

Үкіметтің баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады.

«ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мессенджерлерде қаражат аудару туралы өтініш айтылған Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің атынан ақпарат таратылып жатқанын хабарлайды. Бұл — жалған ақпарат. Оны интернет-алаяқтар таратып отыр.

Жалған ақпаратқа сенбеуге, қаражат аудармауға және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз», — делінген Үкіметтің дерегінде.

Құқық қорғау органдары алаяқтық әрекеттер жасап жатқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізуде.


ПІКІР ЖАЗУ