Су тасқынынан келген материалдық шығынның өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті

0
68

«Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасуда. Үкімет бұл жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізуде.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгі таңда 16 343 өтініш қабылданған», — деп жазды Үкіметтен.

Биылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2787 отбасы шамамен 2,4 млрд теңге сомасына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Зардап шеккен өңірлерде 3053 тұрғын үй тексеріліп, 1807 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Қазірдің өзінде 206 отбасы 254 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге төлем алып үлгерді.


ПІКІР ЖАЗУ