Батыс Қазақстанда Көшім каналында су деңгейі қайта көтерілді
«Қазгидромет» мәліметі бойынша каналдағы су деңгейі 817 сантиметрді көрсетіп, қауіпті шектен қайта асып кетті. Сол секілді Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ гидробекетінде бір тәулікте 34 сантиметрге жоғарылады. Қазір мұнда 7 метрге жуықтады. Ал Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп жатыр.