Қазақстан бойынша 4 ірі су қоймасы 100%-ға толы
Еліміздегі су қоймаларындағы жағдайды Су ресурстары және ирригация Министрлігі баяндады.
Осы сағатқа еліміздегі су қоймаларындағы жағдай келесідей:
БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды.
Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы.
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%.
Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%.
Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы. Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.
Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.