Жайық өзеніндегі су деңгейі Атыраудағы Индерборда – 10, Махамбетте 9 метрден асты

0
69

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді. Қазір Индербор кентінде – 10, Махамбет ауылында 9 метрден асты.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, 9 мамырда таңертеңгі 08:00-де Жайық өзенінің деңгейі Индеорбор кентінде 992 см болған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 1005 сантиметрге жетті. Қазір бұл деңгей қауіпті шектен 160 сантиметрге көбейген.

Махамбет ауданында Жайық өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты жағалауды бекіту жұмысы жалғасып отыр. Осындай жұмыс Бейбарыс ауылдық округіне қарайтын Талдыкөл ауылында жүргізілді.

Өйткені, бұл ауданда өзен деңгейі 9 метрден асып кетті. Бүгін, 9 мамырда таңертең сағат 08:00-де Махамбет ауылының тұсында 908 сантиметрді құраған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 915 сантиметрге жеткен.

Су арнасының деңгейі Атырау қаласында кешкі сағат 20:00-де 525 сантиметрді көрсетіп тұр. Шаһар тұсында 550 см қауіпті шек ретінде белгіленген. Жайық өзеніндегі су қала маңындағы Жаңаталап ауылында 377, Еркінқала елді мекенінде 337 сантиметр құрады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау-Орал трассасынан Индерборға бұрылатын жолдың екі жағына су жиналғанын жазған болатынбыз.

Ал, бүгін Атырау облысында Жайық жайылмасындағы қыстақтың 30 тұрғыны эвакуацияланатынын хабарлаған едік.


ПІКІР ЖАЗУ