Су астында қалған 11 мың үйдің ауласы құрғады
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 10.00-дегі соңғы ақпаратты жариялады.
Республика бойынша 54 703 адам үйіне оралған.
5 291 адам, оның ішінде 2 239 бала эвакуация пунктінде қалып отыр.
11 134 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.
18,5 млн текше метрден астам еріген қар суы сорып шығарылды.
7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.