Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге миллиард теңгеге жуық біржолғы төлем аударылды

0
95

 

Облыс бойынша 2904 отбасы біржолғы төлемді алды. Ал 530 млн теңгеге жуық қаржы 242 отбасына бөлінді. Бұл баспананы жөндеуге арналған ақша. Егер тағы да өтініш түссе, комиссия қарап, қаржы аударады. 

«Қазіргі кезде 242 отбасы үйді қалпына келтіру үшін 527 млн теңгеден астам қаржы алды. Баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған 13 отбасы дайын үйді сатып алуға келісім берді. Оларға 174 млн теңге жұмсалды. Сонымен бірге қазіргі кезде 97 үйдің құрылысы басталды», — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

 


ПІКІР ЖАЗУ