“Дағдарыс орталықтары одағы” “Аяулы жан” жобасы аясында диалог алаңын өткізді
«Дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Аяулы жан» әлеуметтік жобасы аясында 2024 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының әйелдердің құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республиканың Заңын жүзеге асыру» тақырыбындағы диалог алаңын өткізді.
Бұл заңның қабылдануы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте және халықтың осал топтарының құқықтарын қорғауды күшейтуде маңызды қадам болды. Айта кету керек, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстандық отбасыларда әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері әлі де кездеседі.
Диалогтық алаңның мақсаты – жаңа заңнамалық нормаларды енгізу және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін құру бойынша іс-әрекеттердің нақты алгоритмін әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру.
Шараға үкіметтік емес ұйымдар, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, Шымкент және Алматы қалаларының дағдарыс орталықтарының өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар келді.
Ашық пікірталас проблемалық мәселелерді жан-жақты талдауға және жаңа заңды сәтті жүзеге асыру үшін барлық қатысушы тараптардың өзара іс-қимылының тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік берді.