“Қазақстандықтардың мобильді аударымдары әзірге бақыланбайды”

0
68

 

 

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов журналистермен кездесуде 2024 жылы салық органдары жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын қадағаламайтынын айтты. 

 

Вице-министр қазір жеке кәсіпкерлерден декларация алып жатқандарын айтады.  

 

«Ал тек жеке кәсіпкерлер үшін келесі жылы мәліметтер аламыз. Барлық жеке тұлғалар үшін емес, тек жеке кәсіпкерлер үшін аламыз. Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және шартты түрде декларацияда «нөл» ұсынсаңыз, бірақ сіз 200-300 төлем-аударсаңыз, біз мұны кәсіпкерлік қызмет ретінде қабылдаймыз. Ал бүгінде жеке тұлға ретінде бір-біріңізге аударымдар жасасаңыз, бұл бүгін фискалдық орган тарапынан қадағаланбайды», – деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов. 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ