Өзбекстанда Әйтеке бидің 380 жылдығы тойланды

0
54

 

Атаулы мерекеге жер-жерден жоғары мәртелебі меймандар, шет елдердегі қазақтар мен Әйтеке бидің ұрпақтары жиналды. Алыстан келген қонақтарды жергілікті жұрт зор құрметпен қарсы алды.

380 жылдыққа 3 мыңнан астам қазақстандық өнерпаз арнайы концерттік бағдарламамен келді. 

«Әйтеке би – Қазыбек, Төле аталарымыздың үзеңгілес досы. Қазақтың қамын ойлап, еліміздің бейбітшілігін бекемдеуге атсалысқан тұлға. Тиісінше, Әйтеке би бабамыздың ұрпақтары осы жерде бас қосып, баба рухына тағзым жасап жатырмыз», – деп мәлім етті Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев.

 


ПІКІР ЖАЗУ