Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам біржолғы төлем берілді

0
72

Ақтөбеде біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 3 371 отбасына 1,1 млрд теңге төленді.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап әлеуметтік төлем аударылып жатыр.

– Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 3371 құжат қабылданып, оларға 1,1млрд теңге тағайындалып, толық төлем жүргізілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді, – деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 


ПІКІР ЖАЗУ