Атырау-Индер трассасындағы 67-68-шақырымның тұсында тасқын су өтіп жатыр
Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін «Махамбет» шәйханасының тұсына тасқын су мол жиналған.
Бүгін кешкі сағат 20:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейі Махамбет ауданында 10 метр 23 сантиметрді құрады Бұл қауіпті шектен 173 сантиметрге көп. Дегенмен, аудандағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ.