Елімізде енді IT-мамандар әскери борышын 42 күн өтей алады

0
139

Бастаманы қорғаныс министрінің цифрландыру және киберқауіпсіздік жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев көтерді. Ол соғыстар өз форматын өзгерткендіктен, әскерге қатардағы жауынгерлерден басқа IT мамандары қажет екеніне сенімді. 

Әзірге пилоттық жобада ақпараттық жүйелер мен технологиялар, киберқауіпсіздік және дрон операторы деген үш мамандық бар. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 700 миллион теңге қажет. Қазір олар оқу бағдарламаларын жазатын әзірлеушілер мен мұғалімдерді іздеп жатыр.

 


ПІКІР ЖАЗУ