Ресей сарапшылары қазақстандық балмұздақтың құрамынан ішек таяқшаларын тапты
Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – “Шин Лайн” брендінен «Мишка на полюсе» балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиян қоспа анықталды. Сонымен қатар қазақстандық «Шин Лайн» компаниясының «Мишка на полюсе» балмұздағынан және «Ермолина» балмұздағынан ішек таяқшаларын тапқан.
«Шин Лайн» компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» тәуелсіз зертханасының қорытындысы бойынша «Мишка на полюсе» балмұздағынан ішек таяқшасы табылмағанын хабарлады.