Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады
Президент осы күндері Алматыда өтіп жатқан Орталық Азияның сауда саясаты жөніндегі Екінші форумының өңірдегі экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттықты ілгерілету, сондай-ақ көршілес елдерді көпжақты сауда жүйесіне интеграциялау тұрғысынан мәні зор екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.