«Жетісу” футбол клубының директоры 85 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу” футбол клубының директорын тұтқындады.
Агенттік мәліметінше, күдікті 2022–2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
“Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексерілуде.Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген агенттік хабарламасында.