Онкологиялық ұйымдар 30 млрд тг негізсіз пайда көрді

0
121

 

Депутат Аймағамбетовтың уәжіне Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп жауап берді.

Ведомство өткен жылға талдау жүргізген әрі іріктеп 6 онкологиялық орталықты тексерген. Анықталғандай медициналық ұйымдар пайда көру үшін “емдеуге жатқыздық” деп жалған мәліметтер келтірген. Есептен шығарылған және тағайындалған препараттар сәйкес келмеген. Тарифтер болса, нақты шығындардан асып кеткен,-деп хабарлайды politico.kz.

Осылайша мемлекеттің ақшасы медициналық ұйымдарға заңсыз түсіп отырған. Соның нәтижесінде 6 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2-уі лауазымды қызметтерінен босату ұсынылған. Енді материалдар құзіретті органдарға берілетін болады. 

“Қазіргі уақытта әрбір мемлекеттік теңге барынша тиімді пайдаланылуы және барлық қаражат медициналық көмекке мұқтаж пациенттерге жетуі үшін нақты қадамдар жасалуда. 

Енді бақылау күшейтілді. Медициналық ұйымдардың қаржылық қызметіне тұрақты мониторинг және аудит жүйесі енгізілді. Бұл бюджет қаражатын орынсыз пайдалану жағдайларын жедел анықтауға және жоюға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада. 

 


ПІКІР ЖАЗУ