Қазақстан СІМ басшысы БРИКС+ Диалогының Министрлік сессиясына қатысты

0
56
Форум «Әділетті жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтықты нығайту» тақырыбына арналды,-деп хабарлайды politico.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен БРИКС-тің дамушы елдерімен Диалогының Министрлік сессиясына қатысты.

Отырысқа БРИКС мүше елдері – Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Мысыр, Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы мен Эфиопия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен орынбасарлары, сондай-ақ шақырылған елдер ретінде – Бангладеш, Бахрейн, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Индонезия, Куба, Лаос, Мавритания, Таиланд, Түркия және Шри-Ланканың өкілдері келді.

Форум «Әділетті жаһандық даму мен қауіпсіздік үшін көпжақтықты нығайту» тақырыбына арналды.

БРИКС министрлік кездесуінің алаңында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей, Түркия, Беларусь, Иран, Шри-Ланка және Эфиопия Сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді. Олардың барысында екі жақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасылды.


ПІКІР ЖАЗУ