Бишімбаевқа кесілген сот үкімі қайта қаралады

0
79

Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді. Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады. Енді экс-министрге кесілген сот үкімі қайта қаралады. Бірақ әзірге тыңдау күні белгіленбеген,-деп хабарлайды politico.kz

Еске салсақ, былтыр қараша айында Қуандық Бишімбаев  әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікпен ұсталды. Тергеу амалдары наурыз айына дейін жалғасты. Ал сот отырыстары мамыр айына дейін созылды. 13 мамырда үкім шығарылды. Нәтижесінде экс-министр 24 жылға, ал оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

 


ПІКІР ЖАЗУ