СҚО мен Түркістан облысы әйелдер үшін Қазақстандағы ең нашар аймақ болып шықты
Гендерлік саясат статистикаларын зерттеу барысында қазақстандық әйелдердің қаншалықты қолайлы әрі тең қоғамда өмір сүріп жатқаны тексерілді. Ол үшін төрт фактор – тұрмыстық зорлық-зомбылық, жалақы айырмашылығы мен әйелдердің кәсіптегі үлесі және білім мен ғылымдағы орны қарастырылды.
Stan.kz тілшісі осы төрт фактор бойынша әйелдер үшін өмір сүруге қолайлы және қолайсыз өңірлердің рейтингін жасады,-деп хабарлайды politico.kz
Ұлттық статистика бюросы келтірген дерекке сәйкес, Қазақстанда ер адамдар әйелдерден 21,7% көп жалақы алады. Яғни ерлердің орташа жалақысы – 281 мың 239 теңге, ал әйелдердікі – 220 мың 160 теңге. Алайда әр өңірде жағдай әртүрлі.