«Әсіресе ерлерге керек»: Қан донорлары инфаркт пен инсульттың алдын алады

0
84

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев үнемі донор болып, қан тапсырып жүретін адамдарға донорлықтың пайдасы мол екенін жеткізді,-деп хабарлайды politico.kz

Бірінші тапсырғанда стресс болады. Содан кейін ағза оған үйренеді. Үнемі донор болатын адамдардың асқазан-ішек жолдары жақсы жұмыс істейді. Сонымен қатар қан тамырларына байланысты аурулар азаяды. Жылына 3-4 рет қан доноры болатын адамдарда 80-85 пайызға инфаркт, инсульт аурулары жойылады. Бұл – ғылыми түрде дәлелденген факт, – деді ол.

Дулат Имашпаев дүние жүзі бойынша қан донорларының 70 пайызы ерлер екенін айтты. Сондай-ақ әйелдермен салыстырғанда ерлерге қан доноры болу әсіресе қажет екенін атады.

Негізінен әйелдердің қаны ай сайын жаңарып тұрады. Ал ер адамдарда ондай жоқ. Сондықтан ер адамдарға негізінен жылына 3 рет қан тапсырып тұру керек, – деді ол.

 


ПІКІР ЖАЗУ